Қазақстанда сәбіз жұтып қойған бір жасар сәби көз жұмды
БҚО-да 31 желтоқсан күні сәбіз жұтып, тыныс алу жолдары бітелген 1 жасар сәби қаза тапты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Мой город” порталына сілтеме жасап.

1 жас жеті айлық сәбиді анасы сағат 13:20-да аудандық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізген. Ол кезде бөбекте өмір сүру белгілері болмаған. Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, дәрігерлер сәбиге жүрек-өкпе реанимациясын жасаған. Алайда нәтиже болмай сағат 13:50-де баланың өлімі анықталған.
Дәрігерлер "Механикалық асфиксия. Тыныс алу жолдарының бөгде затпен жабылуы" диагнозын қойды. Ал сәбидің тынысын тарылтқан бөгде зат сәбіз болған.
2026 жылдан бастап доллар бағасы мен инфляция қалай өзгереді – Экономистер болжам жасады
Салық пен айыппұл өсіп, қымбатшылық басталады: 2026 жылдан бастап Қазақстанда не өзгереді?
70 жастағы зейнеткердің зейнетақысы 2025 жылы 171 588 теңге болса, 2026 жылдан бастап ол 192 816 теңгеге дейін көтеріледі