БҚО-да полицейдің адамдарды не себепті ұрып-соққаны белгілі болды
Күні кеше жергілікті БАҚ-та адамдарды аяусыз сабап жатқан полицей туралы видео пайда болды. Батыс Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті аталған видеоға қатысты түсініктеме берді.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Дәлірек айтсақ, адамдарды аяусыз ұрған полицей туралы видео 9 қараша күні “Орал аптасы” атты басылымда пайда болды. Видеоны редакцияға жолдаған куәгерлердің айтуынша, оқиға Тасқала ауданында болған. Артынша белгілі болғандай видеодағы Тасқала ауданының полиция инспекторы Ғалымов мырза екен. Ал оқиға 7 қараша күні сағат 13:40 шамасында Мәметов көшесінің маңында болған.
Полицейлердің мәліметінше, учаскелік инспектор өзінің көлігімен аудандық сотқа жол тартқан. Жол жөнекей көлік астына түсуге шақ қалған үш маскүнемді көзі шалған. Осы уақытта мектептен оқушылар шығып, әлгі маскүнемдерді көрген екен.
“Учаскелік инспектор профилактикалық есепте тұрған маскүнемдерді танып қалып, олардан көлігіне отыруды талап еткен. Оларды полиция бөлімшесіне жеткізбек болыпты. Кейін маскүнемдер көнбей сол жерге көмек шақыртқан. Маскүнемдер өзін мазақ еткендіктен, Ғалымов оларды көлікке күштеп отырғызып бөлімшеге алып келген. Полиция қызметкері маскүнемдерге қол жұмсамағанын айтқан”, – делінген хабарламада.
Мұнымен қатар, ұсталған маскүнемдердің бұрын-соңды қылмыс жасағандары анықталған. Естеріңізге сала кетсек, осы уақытқа дейін белгісіз полицейдің ер адамдарды аяусыз ұрып жатқаны туралы жазған болатынбыз.
Жіберіп алмаңыз:
Қазақстанда күдіктіні қамауда ұстау мерзімі қысқармақ
Демалыс күндерге арналған ауа райы болжамы
Белгілі сықақшы Михаил Задорнов қайтыс болды
Алматы әкімі 500 теңгеге қай жерден тамақтануға болатынын айтты