БҚО-да перзентханадан шыққан сәби құсығына тұншығып көз жұмды
Батыс Қазақстан облысында перзентханадан шыққан сәби шетінеп кетті, деп хабарлайды Қазақпарат.
Мәліметтерге сүйенсек, 1998 жылғы студент қыз 6 маусым күні перинатарлық орталыққа түскен. Ол педколледж студенті. Жас ана 8 маусым күні босанды.
10 маусым күні туыстары келіп, ана мен баланы перзентханадан шығарып алады. Ертесі күні жас ата-анасы нәрестені алып, алыс жолға шығады. Жол бойы жаңбыр жауып, көліктің жүруі қиындайды. Нәресте көп ұзамай шетінеп кеткен.
Сараптама нәтижесі бойынша, сәби өз құсығына тұншығып қалған. Бөкей ордасы ауданы облыс орталығынан 500-ден аса шақырым қашықтықта. Жауын-шашынды, лайсаң күндері митыңдап он шақты сағатқа дейін жол жүруге тура келеді.
Тағы да оқыңыз:
Ұшақта жолаушылардың көзінше секспен айналысқан әйелдің үш баласы бар болып шықты
Әйелінің лесбянка екенін білген ер адам отбасын сақтап қалу үшін жынысын ауыстырды (фото)
Алматыда студенттің өліміне күдікті ретінде ұсталған байдың ұлдары босап шыққан