БҚО-да он алтыдағы қыз хат жазып қалдырып, асылып қалған
Көп балалы отбасыдан шыққан он алты жастағықыз өз-өзіне қол салды.
Батыс Қазақстан облысы Қазтал ауданы Талдыапан ауылында тоғызыншы сынып оқушысы өз-өзіне қол салды, деп жазады “Мой город” басылымы.
Қайғылы оқиға 5 шілде күні болған. Қыз сол күні құрбыларының бәріне барып шығып, үйге келгесін асылып қалған. Қыз өзіне-өзі қол жұмсардан бұрын, хат жазып қалдырыпты. Хатында “қара адам — ажал” бұрыннан шақырып жүргені жазылған.
“Өзім асылып қалмасам, жақындарымды алып кетеді. Тіпті қазір қасымда асықтырып тұр, сондықтан дұрыстап жаза алмай отырмын. Менің өліміме ешкімді айыптамаңдар”, — делінген хатта.
Басылым атап өткендей, қыздан бөлек отбасында тағы бес бала бар. Өзі сабақты жақсы оқыған екен, 8 шілдеде достарымен бірге Астанаға ЭКСПО көрмесіне баруыды жоспарлап жүрген екен.
Оқи отырыңыз:
Қазақстан өңірінде жасөспірімдер “лайк” жинау үшін баланы соққыға жыққан
Қарағандыда жүйке ауруына шалдыққан ер адам жасөспірімді пышақтап тастады
Гименопластика дәрігері жасанды “қыздықты” табиғидан қалай ажыратуға болатынын айтты