Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

БҚО-да қолдарына бита мен арматура ұстаған дәстүрлі емес дін жолындағы 17 адам ұсталды

Жігіттер Атырау облысындағы   діндес достарының көлігін қайтару мақсатында қолдарына таяқ ұстап, көшеге шыққан, деп жазады «Мой Город» сайты.

город

Дәстүлрі емес исламды ұстанған бір топ адам бүгін түнде Оралдағы «Бәйтерек» базарының қасында ұсталған.

БҚО-ға қарасты ҰҚКД қызметкері  дәстүрлі емес ислам ағымындағы 22 жастағы жігітпен сөйлесу кезінде олардың Атырау облысындағы достарына көмектеспекші болғанын түсінген. Бір топ адам достарына белгісіз біреу күш көрсету арқылы көлігін алып қойған деп түсіндірген.

«Жедел іздестіру шаралары кезінде  бір топ адам айтқан мәселе расталған. Жиналғандар досымыз деп көрсеткен адамның көлігін белгісіз азамат тартып алған»,-деп жазды БҚО бойынша  ТЖД баспасөз қызметі.

17 адам «Бәйтерек» базарының қасына жиналып,Асан ауылында достарына күш көрсеткен қарсы тараппен жолықпақ болған.

Жиналғандар отырған көліктерді тексеру кезінде  5 бейсбол битасы мен темір таяқтар (арматура) тәркіленген.

Жігіттердің барлығы Оралдағы ІІБ жеткізілді. Қазір тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

 

 

Талқылау