Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

БҚО-да қаза болған марқұмның туыстары: Депутат өз кінәсін мойындады

БҚО мәслихатының депутаты Қайдар Қошанов жол апатына қатысты кінәсін мойындады. Жол апатынан екі адам қаза болған.

117-700x467

Бұл туралы марқұмның туыстары айтты, деп хабарлайды Уральская неделья.

Оқиға 29 наурыз күні болды. Полицейлердің мәліметінше, Кайдар Кошанов Toyta Land Cruiser 200 көлігімен екінші деңгейлі жолда келе жатып, «Приора» көлігіне жол бермеген. Ол көліктің рөлінде 22 жастағы Вячеслав Лопухин болған. Одан бөлек көлікте оның әжесі 63 жастағы Надежда Кондрашкина болды.

24-700x467

Джип «Приораны» сол жағынан қағып, екеуі де Ауди-80 көлігімен қақтығысады. Алған жарақатынан Вячеслав Лопухин мен Надежда Кондашкина емханада көз жұмды.

34-700x467

Марқұм жігіттің әкесі Владимир Лопухин Кайдар Кошановпен кездескенін айтты. Депутат бар кінәні мойнына алатынын айтқан.

«Ол кешірім сұрап, бар кінәні мойнына алатынын айтты. Бүгін оның атынан есепшісі келіп, көңіл айтып ақша беріп кетті», – дейді әкесі.

Әкесінің айтуынша, полицейлер сараптама нәтижесін көрсеткен. Онда Қайдар Қощановтың апат болған күні сау болғаны анықталған.

Қайдар Қошанов «Болашақ-Т» құрылыс компаниясының құрылтайшысы. 2016 жылдан бері облыстық мәслихат депутаты. Оған дейін Орал қаласы қалалық мәслихатының депутаты болған.

Жіберіп алмаңыз:

Сағынтаев Сапарбаевты клондауды ұсынды

Қызылордалық 14 жастағы шабандоз тапсырыспен ақшаға атпен шабады

Елімізде айлакер жігіт біреудің суретін иемденіп, фото байқауда жеңімпаз атанған

Талқылау