БҚО-да емтиханнан төмен баға алған оқушы өзіне қол жұмсады
2 маусым күні Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданының Ақсай қаласында №4 орта мектептің 10-сынып оқушысы өзіне-өзі қол жұмсады.
Жасөспірім үйде жалғыз қалған. Ресми емес болжам бойынша оқушы емтиханнан төмен баға алғандықтан өзіне қол жұмсаған болуы мүмкін.
Қазіргі кезде тергеу амалдары жүргізілуде. Бұл – осы аптада Ақсай қаласында болған екінші қайғылы оқиға. 28 мамыр күні 1996 жылғы жігіт тоғызыншы қабаттан секіріп кетіп, мерт болды.
Тағы да оқыңыз:
«Реал» екінші рет Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанды
Талқылау