Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

БҚО-да екі қыз зорлық көрген: Прокурорлар полиция мен әкімдікті әрекетсіздік танытты деп айыптады

Фото: pixabay.com

Батыс Қазақстан облысында екі қыз баланың зорланған. Алайда прокуратураның айтуынша, полиция мен әкімдік әрекетсіздік танытқан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

22 қазан күні өткен кеңейтілген алқа отырысында БҚО прокурорының орынбасары Азамат Құстанов Тасқала мен Оралда болған екі ауыр оқиға туралы мәлімет айтты.

Бірінші жағдай 22 тамызда Тасқала ауылында, ал екіншісі 29 қыркүйекте Орал қаласындағы "Жәңгір хан" сауда үйінің маңындағы орманда болған. 

БҚО полиция департаменті екінші зорлау оқиғасы туралы ақпаратты қоғам мен БАҚ-тан жасырған. 

Прокурордың орынбасары Тасқаладағы учаскелік полицейдің әрекетсіздігін де атап өтті. Оның айтуынша, полицейдің немқұрайлығы салдарынан күдікті ер адам көшеде ашық түрде ішімдік ішіп, сол күні бүлдіршінге зорлық жасаған.



Азамат Құстановтың сөзінше, кейбір мектептердің маңайы қауіпсіз емес. Мысалы, №20 мектепке баратын жол бойындағы орман алқабы полиция мен Зачаган әкімдігі тарапынан бақылаусыз қалған: жарық орнатылмаған, шөп пен ағаш бұталары тазаланбаған, полиция патрулі жүрмеген.

Айта кетейік, №20 мектепке апарар жол тек қайғылы жағдайдан кейін ғана тазартылды. Ал ата-аналар билікке бұл мәселе бойынша соңғы төрт жыл бойы шағымданып келген. Бірақ еш нәтиже болмаған.

STAN.KZ
Бейсенбі, 23 Қазан, 2025 11:25
Талқылау