БҚО-да бір ауылдың 13 келіні бірге келіп дауыс берді

Бүгін Тасқала ауданына қарасты Мерей ауылында да референдумға қатысу белсенді өтуде. Ауылдың 13 келіні референдум учаскесіне бірге келіп, өз таңдауларын жасап, ел өміріндегі маңызды саяси науқанға үлес қосты.
Қазақ қоғамында келіннің орны ерекше. Ол – отбасының ұйытқысы, берекенің бастауы, ұрпақ тәрбиесінің негізі. Сондықтан Мерей ауылының келіндерінің бірлесе келіп дауыс беруі олардың тек отбасы тіршілігімен ғана шектелмей, қоғам өміріне де белсенді араласатынын көрсетеді.

Ауыл келіндері бүгінгі таңдау ел болашағы үшін маңызды екенін айтып, бірлік пен ынтымақтың үлгісін көрсетті. Бірге келіп, азаматтық міндеттерін атқарған келіндердің бұл қадамы – ауылдағы ұйымшылдық пен ауызбіршіліктің айқын көрінісі.
"Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді": Қазақстандық кәсіпкердің жаңа салық реформасының кесірінен бизнесі шығынға батқан
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Қазақстанда тұрақты тұруға өтініш берген шетелдіктер қазақ тілінен тест тапсырады: Оларға қандай сұрақтар қойылады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі