Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

БҚО-да әйел ұрлық үшін айыпталғаннан кейін асылып қайтыс болды

Батыс Қазақстан облысы, Бөкей ордасы ауданы, Сайхин ауылының тұрғыны 28 сәуір күні өз-өзіне қол жұмсаған.

10358

Бұл туралы “Мой Город” хабарлайды.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, қайғылы оқиғадан бірнеше күн бұрын әйелге зат ұрлады деген айып тағылған екен.

БҚО ІІД хабарлауынша, аудандық полиция басқармасы қазіргі таңда сотқа дейінгі тексеруді бастап кеткен.

“Тексеріс ҚР ҚК 105 “өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу” бабы бойынша жүргізіліп жатыр”, – деді ІІД.

Ауыл тұрғынының артында үш баласы қалған. Оның ең кішісі небәрі бір жарым жаста екен. Аудан әкімі Нұрлан Рахымжановтың айтуынша, 41 жастағы келіншектің күйеуі бұрын жұмыссыз болған.

“Жуық арада оны жұмысқа орналастыруға тырысамыз. Өйткені ол балалары мен қарт ата-анасын асырауы керек”, – деді әкім.

Оқи отырыңыз:

Павлодар облысында 12 жастағы мектеп оқушысы қарындасын құтқарып, ерлікпен қаза тапты

Алматыда тек қарт кісілерді өлтіріп келген қылмыстық топ ұсталды

БҚО-да соңғы қоңырау болатын күні мектепте күзетшінің өлі денесі табылды

Батыс Қазақстанда жүк көлігіндегі жылқылар тірідей өртеніп кетті (видео)

Талқылау