Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

БҚО-да адам өліміне күдіктелген жігіт желідегі хаттарының арқасында ақталып шықты

БҚО-да 21 жастағы жігіттің өліміне қатысты сот шешімі шықты, деп хабарлайды Мой город.

Оқиға 14 шілде күні болған. Адам өліміне 17 жастағы Даниил Романов күдікті болды.

Романов досы екеуі ақша таппақ болып қарбыз сататын Мамбетовпен жұмыс істеуге келіседі. Ақысына 8 мың теңге алуы тиіс болған. Алайда Мамбетов аталған күні айтқан орнынан табылмайды. Келесі күндері де осылай жалғасады. Осыдан соң Романов өзге Кажденов есімі сатушымен сөйлеседі. Олардың арасында жанжал туып, кейіннен жеткіншек одан кешірім сұраған.

Бірер үнен соң Кажденовтың өлі денесі табылды. Оның кеудесіне оқ тиген. Романов бастапқыда бұл өімге кінәлі екенін мойындаған. Алайда кейіннен полицейлердің қысымынан соң осылай дегенін айтты. Ол оқиға болған күні үйінде ән шығарып отырғанын айтты.

«Күдіктінің ақталуына олардың желідегі диалогы да себеп болды. Онда не жайлы сөйлескенері мен уақыты сақталған», – дейді сот төрешісі.

Қазірі уақытта іс прокуратураға жіберілді.

Тағы да оқыңыз:

Алматы облысында қылмыскердің түсіне өзі өлтірген ағасы кіріп, кінәсін мойындауға мәжбүрлеген

Енді атаулы әлеуметтік көмекті ай сайын емес, бірден алуға болады

Назарбаев Трампқа: Сіз таңғаларлық салық реформасын жасадыңыз, оны 5 жыл бұрын жүзеге асырғанмын

Талқылау