Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

БҚО әкімі құны 56 млн теңге тұратын көлік алды (фото)

БҚО әкімі жаңа жылды жаңа көлікпен қарсы алды. Осы аптада 001 WK мемлекеттік нөмірі Audi A8 нөміріне ауысты.

audi-a8-700x270

Бұл туралы Уральская неделя хабарлайды.

Әкімнің жаңа қызметтік көлікпен жүргенін облыс әкімінің баспасөз қызметі мен Қазақстандағы Audi маркасының ресми дилері – Mercur Auto компаниясы растады.

Алтай Күлгінов мініп жүрген көлік арнайы тапсырыспен жасалған. Салон іші ағаштың ерекше сұрпынан, ашық түсті теріден, мультимедиялық жүйемен жасалған. Артқы жағында бөлек-бөлек капитан креслолар жайластырылыпты.

Бұл көліктің құны 56 млн теңге тұрады. Бұл дегеніңіз 169 мың долларға тең. Компанияның өзі көлікті Оралға жеткізіп берген.

БҚО баспасөз қызметі әкімнің жаңа көлігі жайлы ақпаратты растағанымен, бірнеше минуттан соң қайта хабарласып, көлікті жалға алғанын мәлімеді.

audi-salon-700x428

«Ақша үнемдеу үшін көлікті жергілікті кәсіпкерлерден жалға алдық. Әкім бұл көлікті жаңа жылдан бері мініп жүр», – деді облыстық әкімдіктің баспасөз хатшысы Жарқын Жұмаділов.

Нақты қай кәсіпкерден жалға алғанын баспасөз хатшысы айтқан жоқ.

Жарқын Жұмаділовтің айтуынша, «Audi 8L»  көлігінің жалға алу құны қымбат емес, айына 50 мың теңге. Салыстырмалы түрде қарасақ, такси CITY 2012 жылғы Reno Logan көлігін айына 110 мың теңгеге жалдауға дайын.

Жіберіп алмаңыз:

Қазақстанда ең көп және ең аз жалақыны кімдер алады

Биыл қазақстандық автокөліктер қымбаттайды

Қазақстанда ипотека бағасы ғажайыптағыдай 5 пайызға дейін арзандамақ

Талқылау