Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бізге талап қоймаңыз!": Трамп пен Зеленский кездесу барысында сөзге келіп қалды

28 ақпанда Украина президенті Владимир Зеленский Ақ үйге АҚШ президенті Дональд Трамппен кездесіп, Украина ресурстары туралы мәселені шешу үшін келген еді. Алайда кездесу барысында екі президент сөзге келіп, Зеленский Ақ үйден шығып кетті. Енді АҚШ осы әрекеті үшін Зеленскийді сынап, мәлімдеме жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Видеодан скриншот

Трамп Зеленскиймен кездесуінде Украина төңірегіндегі қақтығысты тоқтатудың уақыты келгенін айтып, Ресейдің қалауын атап өтті.

"Біз ресейліктермен келіссөздер жүргіздік, мен президент Путинмен сөйлестім. Біз бұл мәселені қорытындылауға тырысамыз. Сіз нені қалайсыз, ол қалайды. Біз келісімге келуіміз керек", – деді Трамп.

Ақ үй басшысы Вашингтон үшін Украинадағы қақтығыстың тоқтағаны маңызды екенін еске салды.

"Біз соғыстың аяқталуын тағатсыздана күтеміз. Мен мұны адамдардың өмірін сақтау үшін жасап жатырмын... Екіншіден, көп ақша үнемдеу үшін, менің ойымша, бұл әлдеқайда маңызды емес", – деді АҚШ басшысы.

Зеленский Ресей президенті Владимир Путиннің келіссөз жүргізуге дәрменсіздігін көрсеткенін айтып, 2014 жылдан бері оның әрекетін ешкім тоқтата алмағанын еске салды.

"Адамдар өлді. Оны ешкім тоқтатқан жоқ. Біз онымен сөйлестік, көптеген әңгімелер болды. Мен атысты тоқтату туралы келісімге қол қойдым, бәрі мені бұдан әрі соғыс болмайтынын сендірді... Бұл жерде қандай дипломатия көмектесе алады? Біз нені айтып отырмыз?" – деді Зеленский.

АҚШ вице-президенті Дж.Д.Вэнс Украинада майдан шебінде ерлердің жетіспейтінін айтты. Зеленский ол тіпті Украинада болмағанын айтып, соғыс кезінде барлық елде проблемалар болатынын, тіпті АҚШ-тың да осындай жағдайда екенін айтты. 

"Бізге қандай жағдайда екенімізді айтпаңыз. Біз сіздің мәселеңізді шешуге тырысамыз. Бізге өз ұстанымыңызды тықпаламаңыз. Бізге бұйрық беруге құқығыңыз жоқ", – деді Трамп.

“Украина АҚШ-қа алғыс айтуы керек”

Трамп Зеленский АҚШ-қа көбірек алғыс айтуы керек деді. Сөзінше, Украинаның Вашингтонға өз шарттарын айтатындай "қажетті карталары жоқ". Бұған жауап ретінде Украина президенті АҚШ-қа "карта ойнау үшін" келмегенін айтты.

Бұл сөз дау тудырды. Трамп Зеленскийді Американы құрметтемеді деп айыптап, Киевтің қиын жағдайда екенін және Ресеймен соғыста сәтсіздікке ұшырап жатқанын айтты. Оның айтуынша, Зеленский миллиондаған адамдардың өмірін қатерге тігеді және үшінші дүниежүзілік соғыстың басталуына себеп болуы мүмкін. 

"Не сіз мәміле жасайсыз, не бітіреміз. Ал егер біз шықсақ, сіз мәреге дейін күресесіз. Менің ойымша, бұл әдемі болмайды, бірақ сіз мәреге дейін күресесіз, сізде ешқандай карта жоқ", – деді Трамп.

Украина президенті кетіп қалды

Осыдан кейін Трамп Зеленскийден кетуін өтінді. АҚШ пен Украина арасында сирек кездесетін металдар бойынша келісімге келе алмады. Зеленский шығып кетті.

АҚШ президенті Зеленский Ресеймен бейбіт келісімге келуге дайын болған кезде ғана орала алатынын айтты. Оның айтуынша, Зеленский әлі бейбітшілікке дайын емес.

“Зеленский америкалықтардың көз алдында дәрежесі түсіп қалды”

Илон Маск Зеленский америкалықтардың көз алдында өз дәрежесін түсіріп алғанын айтты. Ал шенеунік Украина президентінің орнына басқа адамды жіберу керегін баса айтты. 

Алайда Еуропа елдері Украина басшысын қолдады. 

Германия, Испания, Франция, Польша, Швеция, Норвегия, Молдова, Ирландия, Люксембург, Нидерланды, Дания, Эстония, Литва, Латвия, Чехия, Финляндия, Португалия, Хорватия, Еуропарламент, Еурокомиссия және Еуропалық кеңес басшылары Зеленскийге қолдау білдірді.

Келіспеушіліктен кейін президенттер не деді?

"Мен президентті құрметтеймін және Америка халқын құрметтеймін. Бірақ біз қателік жасадық деп ойламаймын. Менің ойымша, кейде кейбір нәрселерді бұқаралық ақпарат құралдарынан тыс талқылау керек шығар", – деді Украина басшысы.

"Қазір Ақ үйге оралуға дайынсыз ба?" деген сұраққа Зеленский "Жоқ" деп жауап берді. 

Ал Трамп Украинаға ескерту жасап, мұның арты жақсы аяқталмайтынын айтты.

"Не соғысты аяқтайды, немесе оны жалғыз қалдырамыз, не болатынын көрсін. Онда әрі қарай соғыса берсін", – деді Трамп.

Оның айтуынша, Зеленский соғысты жалғастырғысы келеді, ал АҚШ "тез арада атысты тоқтатуға" ұмтылып жатыр. Тіпті Путин соғысты аяқтауға ниетті екенін айтты.

"Біз бүгін Зеленскиймен кездесу өткіздік, мен оның көзқарасы бойынша бұл онша жақсы болмады деп айтар едім. Біз бейбітшілікті іздеп жатырмыз. Біз билікке ұмтылып, кейін бітімгершілік жасамайтын адамды іздемейміз. Ол батылсынып кетті. Мен бейбітшілікті іздеймін. Біз 10 жылға созылған соғысқа кіріп, ойын ойнағымыз келмейді. Біз бейбітшілікті қалаймыз", – деді Трамп.

Талқылау