Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Біздің ойымызға келмейтін ән жазып жүр": Ұлықпан Жолдасов әуесқой әнші Мұрат Әбділдаға қолдау білдірді

Танымал композитор Ұлықпан Жолдасов желі арқылы танылған әнші Мұрат Әбділданың шығармашылығын қолдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Жеке парақшалардан алынды

Сазгер желі жұлдызының талантты екенін мойындап, шығармашылығына оң баға берді. 

“Мұрат інім маған осылай ән салып жіберді. Әні де, сөзі де қатты ұнады. Cover show жобасында "Шағала" әнінің сөзін өзгертіп айтқанмын. Бұл ән маған біраз көмек болды. Содан мен де Мұрат үйіне аман-есен оралып жатса, бір-бірімізді тауып алып, үш әннің аранжировкасын түгел жасап беремін деп өзіме уәде бергенмін”, – деді сазгер. 



Одан кейін әуесқой әншінің шығармашылығына оң баға беріп, болашақта қолдау білдіретінін жеткізді. 

“Жалпы Мұраттың шығармашылығы әдемі. Әнін де, сөзін де өзі жазады. Сөзіне біраз ақын мін айтуы мүмкін, бірақ қарапайым халыққа жақсы өтетіндей сөздер жазған. Әні де тым жақсы, біздің ойымызға келмейтін ән жазып жүр. Мен өзім де ән шығарамын ғой, бірақ әндері өте әдемі. Өзі мықты әнші болмаса да, өз әнін мықты жеткізіп береді. Сәттілік тілейміз. Мұрат, алға", – деді мәдениет қайраткері. 

Еске салайық, Ақбота Керімбекова Республика сарайында ән айтқан Мұрат Әбділданы сынаған еді. 

@lukpan_zholdasov Мұрат Әбділданың жаңа әні #muratabdilda #мұратәбділдә ♬ оригинальный звук - LUKPAN ZHOLDASSOV
Талқылау