"Біздікі де жақындап қалды": Жазира Байырбекова отбасындағы жаңалықты бөлісті
Фото: https://www.instagram.com/zhazira_bairbekova/
Танымал әнші Жазира Байырбекова отбасына қатысты жаңалықты жария етті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесі әріптестерінің балалсы үйленіп, қыздары ұзатылып жатқанын тілге тиек етті.
“Биыл әншілердің дені келін түсіріп, қыз ұзатып жатыр. Мирас қызын ұзатты. Нұрлан Еспанов келін түсірді. Сәкен де келін түсіріп, қуанып жатыр. Ақбота Керімбекова келін түсірді. Біздікі де жақындап қалды-ау. Ата-ене болуға дайындалайық”, – деп жазды әнші.
-
"Дұрыс өмір сүрмей жүрміз": Жазира Байырбекова ерлі-зайыптылардың қарым-қатынасына қатысты пікір білдірді
-
"Көмектеспегеніме ренжіп қалды": Жазира Байырбекова жақсылық жасарда сақ болуға шақырды
Одан кейін эстрада жұлдызы әр өңірдің салт-дәстүріне байланысты кеңес те сұрады.
“Қазақстанның әр өңіріндегі салт-дәстүр де әртүрлі. Қыз бен жігіт өзара шешім қабылдап, отбасын құрамыз десе қадамды неден бастауы керек?! Қыз ұзатып, келін түсіргендер ойларыңызды бөліссеңіздер?! Құдалықты қалай жасадыңыздар?” – деп сұрады өнер иесі.
Еске салайық, "45-тен асқан келіншектің үмітін оятты" деп Жазира Байырбекова бір айда екі рет ана атанған Баян Мақсатқызын қолдаған еді.

Павлодарда "Қауіпсіз қала" жобасын іске асыруға 8,6 млрд теңге жұмсалмақ, Қытай Deep Seek-ті жасауға одан үш есе аз жұмсады – Депутат
