"Бізді тонап кетті": Мальдивте демалып жүрген Балжан Бидаш жұртты күлдірді
Фото: https://www.instagram.com/bidash_official/
Танымал әнші Балжан Бидаш Мальдивтегі демалысын көрсетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесі құрбысы, актриса Фариза Ескермеспен бірге кетті. Алайда әнші тосын оқиғаға тап болып, оқырмандарын күлдірді.
"Бізді тонап кетті. Қарғаларға Қазақстанның пістесі ұнаған сияқты, қорабымен қоса алып кетіпті. Мальдив аралдарында қазір демалыс маусымы емес деп еді. Бірақ мен сияқты "қыңыр" адамға бәрі ұнап жатыр. Жаңбырына дейін жақсы көремін", – деп жазды өнер иесі.
-
"13 жыл сәби күткен": Балжан Бидаш жанкүйерінің арманын орындады
-
"Жалынымды сөндірмейтін адам": Балжан Бидаш жақын арада тұрмысқа шығатынын жасырмады
Сондай-ақ желі қолданушылары әншінің саяхаттағы суреттерін қызу талқылап жатыр.
“Балжан ажырасқалы құлпырып кетті”, “Осы қыздар неге семірмейді”, “Балжанға керемет демалыс тілеймін”, “Біздің елдің Шакиралары”, – деп жазды көпшілік.
Еске салайық, Балжан Бидаш Нью-Йорктегі тікұшақ апатына қатысты пікір білдірген еді.
“Мен де мінген тікұшақтың бірі құлады. Бір отбасы кетті. Жүрегім-ай”, – деп жазды эстрада жұлдызы.

"Екінші балаға бұл салт-жоралғы жүрмейді": Қазақстандық ата-ана құдаларынан босанған қызын 40 күнге жіберуге рұқсат сұрап, кәдесый алып келген
