Футболдан Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасында антирекорд орнатты: Черчесов нәтиженің не себепті бұндай болғанын түсіндірді
Қазақстан құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов командасы жеңілуден УЕФА Ұлттар лигасының рекордын орнатқаннан кейін мәлімдеме жасады. Айтуынша, жаттығуға дұрыс жағдай болмаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Meta-ratings.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Маманның айтуынша, оған дейін ұлттық команда басшысыз болған.
"Сылтау емес әрине, бірақ бізде бұған дейін бірде-бір плюс болған жоқ. Астанада синтетикада ойнамадық, міне артықшылық", – деді Черчесов.
Бас бапкер күнтізбені де сынға алды.
"Бізде дайындыққа қосымша күндер жоқ. Бұған дейін ондай уақыттар болған еді", – деді Черчесов.
Ұлттар лигасының алты матчында да Черчесов командасы бірде-бір гол соқпай, бірде-бір матчта жеңіске жетпеген. Бұл ретте қазақстандықтар 15 голды қақпасына жіберіп алды.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"

