Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Біз сынақтағы қоян емеспіз": Ұлттық экономика министрі бизнес алаңдаушылығына түсініктеме берді

Фото: freepik.com

Ұлттық экономика министрі Серік Жұмангарин Үкімет отырысынан кейін өткен брифингте бизнес өкілдерінің B2B мәмілелеріне қатысты салық шегерімдері туралы алаңдаушылығына пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Журналистер бизнес бұл ереже нақты экономикалық байланыстарға кері әсерін тигізіп, көптеген компаниялар жабылуы мүмкін деп есептейтінін айтты.

"Мен Салық альянсының баяндамасын көрген жоқпын, бірақ БАҚ арқылы оқыдым. Олар келтірген көптеген деректердің экономикалық негізі жоқ. Бұл цифрлар қайдан алынғаны туралы түсініктеме жоқ", - деді Серік Жұмангарин.

Оның айтуынша, жалпыға бірдей белгіленген режим үшін шекті мән COVID-19 пандемиясы кезінде өсе бастаған.

"Біздің лимитіміз 60 млн еді, кейін 140 млн болды, соңында 600 мың АЕК-ке дейін өсті, яғни жалпыға бірдей режим үшін 2,6 млрд теңге. Неліктен бұлай болды? Біз зерттедік. COVID кезінде бизнес, әсіресе халыққа қызмет көрсететін сала мен мейрамхана бизнесі қиындыққа ұшырауы мүмкін деп ойлады. Сондықтан осындай уақытша шешім қабылданды. Бірақ пандемия қаупі өткеннен кейін экономика контрциклдік емес, проциклдік сипатта жұмыс істей бастады. Сондықтан Салық альянсының көп айтқан нәрселері расталмады. Мысалы, дәрілердің бағасы 7% қымбаттайды деп айтылды, бірақ есеп жоқ. Бізде дәрілердің 84% импортталады, ал олар Қазақстанда өндірілмейді. Сонымен қатар, өткен жылдары бұл дәрілер ҚҚС-ға бағынбағанымен, бағасы 500% артты. Салық реформасы бағаны реттемейді", - деді министр.


 


Жұмангариннің айтуынша, салық реформасының тұрғын үй бағасына еш әсері жоқ.

"Қазір тұрғын үй қымбаттай бастады деп жатыр. Бірақ бұл қалай жұмыс істейтінін түсіну керек. Салық реформасы қазіргі кезде тұрғын үй бағасына әсер етпейді. Мүмкін, кейбір күтілімдер әсер етуі мүмкін. Бірақ 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін басталған нысандарға Салық кодексі қолданылмайды. Ал тұрғын үй құрылысының мерзімі 1,5-2 жыл болғандықтан, 2026 жылы оларға өскен қосымша құн салығы саоынбайды", -  деп қорытындылады Серік Жұманғарин.

Рая Мінәп
Сейсенбі, 23 Желтоқсан, 2025 14:15