Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Біз сені күтеміз": Заңғар Нұртас әйелімен бірге gender party жасады

Фото: https://www.instagram.com/indi_maulenova/

Танымал блогер Заңғар Нұртас әйелі Индирамен болашақ баласының кім екенін білді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Қуанышты сәтті блогердің жұбайы жеке парақшасында жариялады. Олар ер баланың ата-анасы болады. 

“Біздің кішкентай бақытымыз. Біз сені өте қатты жақсы көреміз және асыға күтеміз”, – деп жазды Индира Мәулен. 



Желі қолданушылары сүйікті жұптарына бақыт тілеп, құттықтап жатыр. 

“Алла қолдап, аман-есен босанып, салихалы ұрпақтан болсын”, “Алла тіл-көзден сақтасын! Ұзағынан сүйіндіре берсін. Бақытты болыңыздар”, “Көп уақыт бала күтіп еді, қуаныштымыз”, “Қазақ еліне +1 батыр екен”, “Заңғар ұлды жақсы көретін сияқты, қатты қуанды”, – деп жазды көпшілік. 

Еске салайық, Заңғар Нұртас келіншегінің сәби көтере алмай жүргеніне байланысты пікір білдірген еді. Желі жұлдызы жеке парақшасында оқырман сұрағын жариялап, ренішін жасырмады. “Бақ құсың тумай ма?!” деп жазған бейтаныс адам. 

“Осындай хаттар жиі келеді, тигізкісі келді ме, білмеймін. Бірақ барлығы Алланың қалауымен", – деп жазды Заңғар.

STAN.KZ
Сәрсенбі, 24 Қыркүйек, 2025 11:17
Талқылау