"Біз ештеңе істей алмаймыз": Министрлік еліміздегі тарифтердің өсуіне байланысты пікір білдірді
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбек еліміздегі байланыс тарифтерінің құнына байланысты операторларға еш қысым көрсете алмайтынын жеткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Pixabay.com
Вице-министр елдегі байланыс тарифінің өсуіне қарсы министрліктің еш шара жасай алмайтынын ашығынан айтты.
"Бұл сұрақ маған алдында да қойылған. Жауап берейін, бізде тарифті реттеу тетіктері жоқ. Операторларға қысым жасаудың дайын құралы жоқ", – деді ол.
Шенеунік сонымен қатар байланыс пен интернет тарифтерінің өсуіне өзі де наразы екенін жеткізді.
"Вице-министр емес, қарапайым тұрғын ретінде қарасам, бұл елдің азаматы ретінде маған тариф құнының өскені ұнамайды. Сондықтан мен тарифтердің өсуіне байланысты адамдардың көңілі толмайтынын көрсетіп жүрмін. Бірақ екінші жағынан вице-министр ретінде операторлардың себептерін де түсінемін. Сондықтан жауабым екі жақты", – деді ол.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген