Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Біз де асыға күтіп отырмыз – Ақпарат министрлігі Instagram-дағы қазақ әндері жайлы

Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов Instagram-ға қазақ әндері қашан қосылатынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

телефон сток

Фото: pixabay.com

Шендінің айтуынша, аталған мәселені алғашқы күндерден-ақ әділет министрлігімен бірге шешуге тырысып жатыр. 

"Бізге алғашқы күндерден бастап белгілі табыс көлемінен қағылған әртістер шағым түсіре бастады. Бақылап отырмыз, не болып жатқанынан хабардармыз, әртістермен байланыстамыз. Meta онлайн платформасымен қарым-қатынас қаншалықты мүмкін болса, соншалықты диалог құруға көмектесеміз. Бірінші кезекте бұл – басшылық жасап отырған екі субъектінің байланысы. Қазіргі заңнама сондай, автордың атынан авторлық ұйым әрекет етеді, ал екінші тараптан Meta өз талаптарын ұсынады", – деді ол.

Қазіргі таңда ақпарат министрлігі арада "делдал" қызметін атқарып жатыр. Себебі алдағы уақытта мұндай мәселе қайталанбауы керек дейді. 

Дегенмен вице-министр бұған дейін қазақстандық әртістердің қанша қаржыдан айырылғаны туралы сұраққа жауап бермеді. 

"Біздің әртістер жоғалтқан қаржы көлемін айта алмаймын. Себебі төлем жүйесі мен сыйақы көлемі бұған дейін қанша болғанынан біз хабарсызбыз. Мұны есептеу мүмкін емес дегенді білдірмейді. Әртістер бар, авторлық ұйымдар бар, олар өзара әрекет етеді", – деп мәлімдеді Кочетов. 

Журналистер брифинг барысында қазақ әндерінің әлеуметтік желіге қашан оралатынын сұраған еді. 

"Біз де мұны асыға күтеміз. Өзім де Instagram-да музыка бұғатталғаны үшін алынған жазбаларды күнде жаңартып отырамын. Жақында қосылады деп үміттенеміз", – деді вице-министр.

Талқылау