Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Биыл қазақстандық автокөліктер қымбаттайды

Қазақстандық автоөндірушілер қауымдастығы басшысы Андрей Лаврентьевтің болжамына сәйкес, Қазақстанда құрастырылған көліктер бағасының өсуі 2017 жылы 6,5%-ға дейін жетуі мүмкін.

1436351705_mash
Бұл туралы Sputnik хабарлайды.

2017 жылдың екінші-үшінші тоқсанына Қазақстанда құрастырылған автокөліктердің бағасы қымбаттайды деп мәлімдеді Қазақстанның автобизнес қауымдастығының президенті Андрей Лаврентьев Алматыда.

Оның айтуынша, отандық автоөндірушілерді ҚҚС-нан босату жеңілдігі алынып тасталуы бағаның қымбаттауына әкеп соқтырды. Осы шара қазақстандық көліктердің бағасын барынша төмен ұстауға мүмкіндік берген еді. “2010 жылы өндірістік құрастыру туралы келісімшартқа қол қойған кезде, біз бұл жеңілдіктің 2017 жылға ұзартылатынын күткен едік. Бірақ, Қазақстан ӘСҰ-на кіргендіктен, біз ӘСҰ талаптарын орындауға тиіспіз, біз бұл құжатқа қол қойдық, оны ратификацияладық, енді осы бағытпен келе жатырмыз. ҚҚС-н отандық өндірушілердің төлемеуі тыйым салынған жеңілдік болып саналады”, — деді Лаврентьев тілшілердің сұрақтарына жауап беріп.  Жаңа нормалар 2016 жылы нарыққа шығарылған, бірақ әлі сатылмаған автокөліктерге әсер етпейді.

Жіберіп алмаңыз:

Қазақстанда көліктердің бағасы күрт қымбаттайды деп болжануда

Қазақстанда 2017 жылы жанармай бағасы қымбаттайды деп болжануда

Қазақстанда ипотека бағасы ғажайыптағыдай 5 пайызға дейін арзандамақ

Алматылықтар қаңтардан бастап зейнетақы қорындағы ақшаның жоғалып кеткенін байқаған

Талқылау