Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Биткойн бағамы 100 мың доллардан асты

Биткойн бағасы алғаш рет 100 мың доллардан асты. Қазір 1 биткойн 103 487 долларға тең. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Рixabay.com

Криптовалютаның өсуіне криптоинвесторлардың АҚШ-тың сайланған президенті Дональд Трамптың жаңа әкімшілігі осы саланың дамуына қолайлы жағдай жасайды деген болжамы себеп болды. Кейінгі төрт аптада биткойн 45% қымбаттады. Ал жыл басынан бері оның құны екі есе өсті.

Трамптың кампаниясын криптовалюта қолдаушылары белсенді түрде қолдады. Өзінің либералды ұстанымымен танымал Пол Аткинстің АҚШ-тың Бағалы қағаздар және биржа комиссиясының басшысы болып тағайындалуы, сондай-ақ Трамптың биткойннің ұлттық резервін құру туралы уәдесі инвесторлардың цифрлық активтерге деген сенімін нығайтты.



Сарапшылардың болжауынша, биткойн бағасы жыл соңына дейін 120 мың долларға жетуі мүмкін.

Бұған дейін биткойн бағасы 95 мың доллардан асқаны туралы жазған едік.

Талқылау