Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Зейнетақы жинақтарына сатып алынған үйді қайта сатуға тыйым салынбайды

Фото: depositphotos.com

"Отбасы банк" өкілдері тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдерін (БЗТ) пайдалануға шектеу енгізілмейтінін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Банк өкілдерінің айтуынша, БЗТ операцияларын талдау барысында бір пәтердің бірнеше рет әртүрлі адамдарға қайта сатылған жағдайлары анықталған. Бірнеше сатып алушы бір пәтер үшін өзінің зейнетақы жинағындағы артық қаражатты пайдаланған. Мұндай әрекеттер заңды бұзбайтын болғанымен, зейнетақы қаражатын мақсатсыз пайдалану қаупін тудырады дейді банк өкілдері.


Стоматологиялар арқылы БЖЗҚ-дан заңсыз ақша алған адамдар жазалана ма: Қаржылық мониторинг агенттігі жауап берді


Осындай тәуекелдердің алдын алу мақсатында “Отбасы банк” индустрия және құрылыс министрлігіне біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану ережелеріне өзгерістер енгізу туралы ұсыныс жолдаған.

“Банк біржолғы зейнетақы төлемдері арқылы сатып алынған тұрғын үйді тек бес жыл өткен соң ғана қайта сатуға рұқсат беру жөнінде ұсыныс жасаған еді. Алайда бұл ұсыныс қолдау таппады, себебі заңда қандай жағдайларда жылжымайтын мүлікке шектеу қоюға болатыны нақты көрсетілген. Ал БЗТ есебінен алынған тұрғын үй бұл санатқа кірмейді”, – делінген банк хабарламасында. 

Осылайша, қазақстандықтар бұрынғыдай өздерінің зейнетақы жинақтарын тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында әдеттегі тәртіппен пайдалана алады. Барлық өтінімдер қалыпты режимде қарастырылады.

Еске салсақ, бұған дейін 1 қаңтардан бастап Қазақстанда зейнетақы активтерін басқару жүйесі өзгеретіні туралы жазған едік.

Дана Русланқызы
Бейсенбі, 06 Қараша, 2025 19:08
Талқылау