Біртановпен іссапарға барған: Үкімет басшысы коронавирусқа тест тапсырып, өзін-өзі оқшаулады
Премьер-министр Асқар Мамин коронавирусқа тест тапсырып, өзін өзі оқшаулады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

12-маусымда Біртанов Жамбыл облысына іссапармен барған. Ол сапарда еліміздің премьер-министрі Асқар Мамин де болыпты. Денсаулық сақтау министрінің коронавирусқа тапсырған тестілеуі оң нәтиже бергендіктен, Асқар Мамин де тесттен өткен.
Алайда, үкімет басшысының коронавирус инфекциясына тапсырған талдамалары теріс нәтиже көрсеткен. Дегенмен қазір Асқар Мамин өзін-өзі оқшаулап, барлық қауіпсіздік шараларын жасауды жөн көрген.
Қазіргі таңда Асқар Мамин өзін-өзі оқшаулап, бейнеконференция режимінде, үйден жұмыс жасап жатыр. Үкімет басшысының денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.
Естеріңізге сала кетейік осыған дейін Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың коронавирус жұқтырғаны белгілі болған.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кімдер ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі