Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бірнеше баламыз жарық көрмей шетінеп кетті": "Диета KZ" тобының әншісі ерекше бала тәрбиелеп отырған аналарға кеңес берді

Халыққа аутист қызын көрсетіп, қызу талқыға түскен әнші Жасұлан Базарбай жеке парақшасында жазба жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Ашық дерекөз

Өнер иесі отбасына қатысты құпияны айтып берді. 

“Аллаға шүкір, 4 перзентім бар, көп көрмесін. Екі ұлдан кейін 8 жыл салып, қыз келді. Оған дейін бірнеше баламыз жарық көрмей кеткен. Бір күні бәйбішем “УЗИ-ге барайық” деді. Барсақ “қыз” дейді. Өзім қыз баланы ерекше жақсы көремін. Тұңғышым да қыз еді, бірақ үш күннен кейін шетінеп кеткен. Қыз болады дегенді естігеннен бастап, келіншегімнің жатын бөлмесіндегі төсегінің бас жағына қораппен апорт алма әкеліп қоятын болдым. Енді сол қызым алманы тура солай жеп тастайды”, – деді әнші. 



Сондай-ақ, балаларынан ерекше қызына құрмет көрсетуді үнемі талап етіп отыратынын жасырмады. 
“Бұл – менің сынақпен келген қуанышым. Балаларыма айттым: бүгін бар дүние – ертең жоқ, кім білсін? Егер мен өмірден өтсем, мына қыз сендерге аманат. Біреу "тәйт" демесін дедім. Қыздарымның қуанышында төрде отыруды жазсын!Сосын менің тағдырыма қарап, аямаңыздар! Аллаға бергеніне шүкір. Кейде келіншегімді жұбатып қоямын. “Екеуміздің ұрпағымыздан жәннаттық балалар бар. Олар сұрақсыз кіреді” деймін. Шүкір!”, – деп жазды өнер иесі. 

Еске салайық, эстрада жұлдызы мүгедек емес, ерекше бала тәрбиелеп отырғанын айтқан еді. 

 

Талқылау