Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бірыңғай уақыт белдеуінің қазақстандықтарға әсерін зерттеуге 160 миллион теңге бөлінбек

Бірыңғай уақыт белдеуінің қазақстандықтардың денсаулығына әсерін зерттеу үшін 160 миллион теңге жұмсалады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Pexels.com

Мәжіліс алаңында ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлім етті.

"Өтінім үш жылдық бюджетке 160 миллион теңге түсті, менің ойымша, соңында 90-100 миллион теңгедей. Біз жақын арада конкурс жариялаймыз, қазірдің өзінде ұлттық ғылыми кеңес нақты құнын анықтайды", – деді министр.



Ол қоғамның сұранысына байланысты қосымша зерттеулер жүргізуге шешім қабылдағанын айтты. Бірақ үкімет халықаралық ұйымдарды тарта отырып, бұл мәселені зерттеп қойған.

"Бұл – әлеуметтану емес, қолданбалы зерттеу. Циркадты ырғақ деген түсінік бар. Бұл-  барлық тірі организмдер өмір сүретін биологиялық ырғақ. Ырғақ таңертең оятаады және кешке ұйықтатады. Енді гормоналды деңгейлер, мелатонин бөлу, циркадты ритм зерттеледі. Содан соң олар қабылданған шешімдермен сәйкес келе ме, жоқ па, белгілі болады", – деді Саясат Нұрбек.

Бұған дейін үкіметте Қазақстандағы бірыңғай уақыт белдеуі туралы соңғы шешім қабылданды.

Талқылау