Біріккен Араб Әмірлігінде қалып қойған қазақстандықтар рейстің бір аптаға кешіккенін айтып шағымданды

Фото: Atyrau Today
Біріккен Араб Әмірлігінде қалып, елге жете алмай жатқан қазақстандықтар Air Astana-ның 3 наурыз күнгі рейстің 10 наурызға шегергенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
“Біз 3 наурыз күні Астанаға ұшуымыз керек еді. Бүгін бізге тағы да “тосынсый” жасап, рейсті 10 наурызға шегерді. Бір апта күтіп жатырмыз. Ашынатыным – Air Astana компаниясының ұстанымы. Колл-орталық “Қайтарым жасауға болады” деп жауап беріп отыр. Сіздер әзілдеп отырсыздар ма? Қазір бұл ақшаға тек автобусқа билет сатып алуға болады. 2 ересек пен 2 балаға FlyDubai билеті 3 миллион теңге тұрады”, – деп жазды қазақстандық.
Айтуынша, отандық әуе кемелерінен басқа елдің ұшақтары азаматтарын тасымалдап жатыр.
“Неге FlyDubai ұша алады, ал біздің “флагманымыз” қолын бір сілтей салады? Бұл – ұлттық компаниялардың қызмет көрсету сапасының төмендігі”, – деп ашынды отандасымыз.
Алайда Air Astana 4 наурыз күні 4 репатриациялық рейсті орындағанын мәлім еткен еді. Олар: Медина-Атырау, Медина-Ақтау және 2 рейс Жидда-Атырау.
“Жолаушылардың жалпы саны 640. Одан кейін жолаушыларды тасымалдау үшін Атыраудан Алматыға 2 рейс және Астанаға 1 рейс орындалды”, – деп жазды компания.
4 наурызда Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп жүзеге асырылатын қосымша екі репатриациялық рейс жоспарланған: Жидда-Ақтау-Алматы және Жидда-Атырау-Алматы.
- Жиддадан Ақтауға рейс 18:00 ұшып шығып, Ақтауға 01:05+, Алматыға 06.05+ ұшып келеді;
- Жиддадан Атырауға 20:45 ұшып шығып, Атырауға 05:05+ ұшып келеді, Алматыға 09:55+ ұшып келеді.
Бәрінде жергілікті уақыт көрсетілген. Әуе компаниясы Таяу Шығыстағы жағдайды мұқият қадағалап отырғанын айтқан. Алайда отандасымыздың бұл шағымы 6 наурызда, яғни бүгін жарияланып отыр.
Алматыда оқу ақысы 5 миллион теңге болатын элиталық мектепте оқушыларға шикі тамақ берілген