Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Біреулер таныса, дұрыс болар еді": Таразда есін жоғалтқан ер азаматтар жақындарын іздейді

Таразда есін жоғалтқан екі ер адамның жеке басын анықталып жатыр. Екеуі де бейімделу орталығында бір айдан астам уақыт тұрып жатыр. Олардың құжаттары жоқ, есінде ештеңе қалмаған, бірақ оларды жақындары іздестіріп жатқан шығар деп үміттенеді. Бұл туралы КТК арнасына сілтеме беріп Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Орталық қызметкерлерінің айтуынша, қамқорлығына алған ер адамның бірі шамамен 50 жаста. Жақында ол инсульт алып, мүгедектер арбасына таңылған. Ер адамның айтуынша, ол – Меркенің тумасы, мал жайылымында жұмыс істеген. Ол үйінен шығып, жолда таныстарын көріп қалып, содан соң есін жоғалтқанын айтады.

26 жастағы Бақытжан да есін жоғалтқан. Оның есінде бар ақпарат бойынша, Алматыға Өзбекстаннан апасымен көшіп келген. Мектеп бітіре сала жұмысқа кірген. Содан соң ары қарай не болғаны есінде жоқ. Қарауындағылардың ақпаратын орталық әлі тексере алмай жатыр. 

“Бақытжан ата-анасының бар жоғын білмейді. Ал Сергей балаларым бар деп отыр. Қазіргі уақытта олармен психологтар мен медицина қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Кез келген естелікті еске түсіру қиынға соғуда. Қазір олардың кім екендері белгісіз. Біреулер таныса, дұрыс болар еді”, – дейді психолог Ботагөз Қалқабаева.

Талқылау