Оқу жылының алғашқы күні белгісіз біреулер Атыраудағы екі мектепте бомба тұр деген ақпарат таратқан
Атыраудағы екі мектепке жарылғыш зат қойылды деген ақпарат көпті алаңдатып қойды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Pixabay.com
Атырау облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, тәртіп сақшылары мен арнайы қызмет дереу тергеуге кіріскен.
"Ешқандай жарылғыш зат табылмады. Жалған хабар бойынша тексеру жүргізіліп жатыр", – делінген баспасөз хабарламасында.
Қазіргі уақытта қаладағы барлық мектептегі қауіпсіздік полицияның жіті бақылауында екені түсіндірілді.
Ведомство терроризм актісі туралы жалған ақпарат хабарлағаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салды. Ол үшін 5000 АЕК (17 250 000 теңге) айыппұл салу не түзеу жұмыстары, не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруы мүмкін.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"4 миллион теңге күйіп кетті": Мерекеде қызғалдақ сатқан қазақстандық кәсіпкерлер биыл шығынға батқан
Кәсіпкер: "3000 гүл сатуымыз керек еді, бірақ тек 166 дана қызғалдақ саттық"