Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Біреуге жұмыс істемейді": Гүлзира Айдарбекова ұлдарының немен айналысатынын жасырмады

Белгілі продюсер Гүлзира Айдарбекова ұлдарының немен айналысатынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/gulziraaidarbekova/

Өнер иесі оқырман қауыммен сырласып, олардың жазған пікірін жауапсыз қалдырмады. “Осыларды ата-анасы мен Қайрат асырап отырған сияқты” деген пікірге продюсер жауап қатты. 

“Уайымдамаңыз, бәрінің өзіне жетерлік табысы бар. Бірақ сіз оны білмеуіңіз мүмкін. Халықтың ұлы Қайрат болған соң, ол не істесе де, сіздер білесіздер. Басқалары көрсетіп жұмыс істеуге міндетті емес. Заңғардың қырық шақты жұмыскері бар. Заңғар солардың нәпақасының табуына себепкер болып, сауапты іс жасап жатыр. Балаларым біреуге жұмыс істемеуі мүмкін, бірақ бас-көз болып жұмыс істетеді", – деп жазды продюсер. 



Сонымен қатар өнер иесі жеке парақшасына немерелерінің ортасында отырған видео жүктеді. Қайрат Нұртастың балаларын көрген оқырман қауым Жұлдызды да іздеді. “Қайратты неге балаларына жібермейсіз, табысынан айырылып қалам деп қорқасыз ба?” деп сұрады желі қолданушысы.

“Олардың табысына қарап қалатындай дәрменсіз емеспін. Алақан жайып, үйде отырған кезім де жоқ. Сол баяғы сауда-саттығым, дүкенім мен кәсібім, Нұрекеңнің жиған ірі қарасы екеумізге жетеді. Сол себепті менің қалтамды санап, әлекке түспесең де болады”, – деп ашуланды Гүлзира Үсенқызы.

Еске салайық, Гүлзира Айдарбекова ажырасулар көп болмас үшін әйелдер еркектерден сескенуі керек екенін айтты. 

Талқылау