Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Біреуге әскери билет жасап берген инспектор 800 мың теңге парамен ұсталды (видео)

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері тағы бір парақордың былығын ашты, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі мемлекеттік қызмет және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеп.

Біреуге әскери билет жасап берген инспектор 800 мың теңге парамен ұсталды

Бұл жолы біреуге әскери билет жасап бергені үшін 800 мың теңге көлемінде пара алған қорғаныс және ішкі істер қызметкері ұсталды.

Парамен ұсталған қызметкер Павлодар облысының Екібастұз қалалық қорғаныс істері жөніндегі бірлескен бөлімде инспектор болып істеген. Ол делдалдар арқылы 800 000 теңге пара алған. Қандай да бір қызметті жүзе асырғаны үшін ақшалай сыйақы алғанын инспектор да мойындады. Ұсталған қызметкер бұл қаражатты біреуге әскери билетті жасап бергені үшін  алған екен.

Дегенмен, инстектор кінәсін толық мойындағандықтан, оған процестік ұстау қолданылмаған. Қазір оған қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.


 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр