Бір жыл тісі ауырған жігіттің жақ сүйегі ойылып қалды
Қытайдың Чжэцзян провинциясының Ханчжоу қаласында тісі ауырған жігіттің жақ сүйегі ойылып қалған.

15 жастағы бала бір жылдан астам уақыт бойы тіс ауруымен ауырып, тіс дәрігеріне бармайды. Уақыт өте келе ауруы күшейе түсіп, туыстары оны ауруханаға жеткізуге мәжбүр болды.
Томографияда оның тістері амелобластома, төменгі жақ сүйегіне тиген ісік салдарынан зақымдалғаны анықталды. Жас жігіт ауырғанына қарамастан еш әрекет жасаманған. Сол себепті жақ сүйектерінде көптеген жарақаттар пайда болған. Одан соң үлкен ойық болып қалған.
Ісікті жою және зақымдалған жақты қалпына келтіру үшін хирургиялық ота қажет болды. Жас жігіттің туыстары оның толық айығып кетеді деп күтуде.
"Бәрі бір сәтте мәнсіз болып қалды": Таяу Шығыста қиын жағдайға тап болған қазақстандықтар көргендерін айтып берді
Назгүл Тұрысбекованың сөзінше, олар құжаттарын ғана алып, қауіпсіз жерге шығуға мәжбүр болған
Ормуз бұғазының жабылуы, мұнай бағасының өсуі: Таяу Шығыстағы соғыс Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді
Қаржыгер Айбар Олжайдың айтуынша, Ормуз бұғазы ұзақ мерзімге жабылмайды