Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бір жасар қыз фри картобынан уланып көз жұмды

Ставрополь аймағында бір жасар қыз фри картобы мен тауық етінен уланып, көз жұмды. Аталған іс бойынша тексеріс жұмыстары жүргізілуде.

фри картошка

Бұл туралы Ресей тергеу комитеті аймақтық басқармасының сайтында хабарланды.

Мәліметке сәйкес, 28 ақпан күні екі баласы бар отбасы Ставропольдағы супермаркеттердің бірінен дайын тағам сатып алған. Барлығы бірге көліктің ішінде отырып картоп пен тауық етін жеп әрі қарай Кисловодскқа жол тартқан. Онда жеткен кезде отбасы мүшелерінің денсаулық жағдайы нашарлаған.

1 наурыз күні үйдің кіші қызы (2015 жылдың желтоқсанында туған) ауруханаға түседі. Көп ұзамай астан уланған қыз көз жұмады.

Қазіргі уақытта тергеушілер оқиғаның мән-жайын анықтауда, соттық-медициналық сараптама да тағайындалды.

Оқи отырыңыз:

Қарағандыда 9-сынып оқушысы 10 айлық інісін мұзға құлатып өлтіріп алды

Алматыда жолаушылар автобусы өртеніп кетті

Ақтауда мектеп оқушысын азғындаған 69 жастағы ер адамға қатысты үкім шықты

Қарағандыда 16 жастағы бала автобустан қуылғаннан кейін жансақтау бөліміне түсті

Талқылау