Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бір жарым мың долларға саттым": Хит болған "Қызыл раушан" әнінің авторы алқашқа айналған

Фото: Видеодан скриншот

Әнші Ұланғасыр Қамидың орындауындағы "Қызыл раушан" әнінің авторы ішімдікке салынып, үйсіз-күйсіз қалған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ол белгілі ақынның шәкірті болып шықты. Бүгінде қаңғыбастардың қатарына қосылған жігіт әнін сатып жібергенін, әйелін жақсы көргенін айтып, ағынан жарылды. 

"Белые розы тербеткен би алаңы” деп басталатын өлеңді жаздым, Ұланғасыр Қами айтатын. Сатып жібердім, 1,5 мың долларға. Жан жарым Раушанға арнап жазғанмын. Өлең шығардым, Мұхтар Ниязовтың шәкірті болдым. Өткен өмірді қазбаламай-ақ қояйық", – деді Шуақ Рахымберді.



Желі қолданушыларының арасынан сазгердің сыныптастары да бала күнінде ақын болғанын жарыса жазып жатыр.

“Қайран парталасым-ай, не болып кеткенсің?", "Шуақ деген кісі ғой, өзі ақын, бір жағынан жылқы алып сататын еді, неге мұндай халге түскен?", "94 жылғы, кезінде талай айтыста айтысып едік", "Шуақ есімді жігіт қой, ауылдасым, мектепті жақсы оқыған белсенді еді, КВН бәріне қатысатын", – деп жазды TikTok қолданушылары.

@maratov_rakhat

💔

♬ оригинальный звук - РАХАТ МАРАТОВ
Гүлдана Нұрлыханова
Жұма, 13 Маусым, 2025 10:13
Талқылау