Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бір үйдің ақшасы кетті": Абай Бегейдің 16 жастағы қызының жасауы ел талқысына түсті

Әнші Абай Бегейдің 16 жастағы қызының жасауын ел қызу талқылап жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: https://www.instagram.com/symbatabaikyzy/

Өнер иесінің қызы, блогер Гүлеркем Ниязқұлова жеке парақшасында жазба жариялап, қыз жасауының видеосын бөлісті. 

“Қыз бергеннен келін алған оңай ма?” деп қалдық. Сағат таңғы 2:ОО. “Жұмыла көтерілген жүк жеңіл” деп әжелерім, жеңгелерім, достарымды шақырдық. Бәріміз жүкті тас тұйнақтай етіп жинап, дайындап қойдық. Сіз де қыз ұзатып, келін алып бүкіл жиған-тергеніңізді осындай қуанышты күнге шашыңыз. Қалың малсыз қыз болса да, кәдесіз қыз болмайды. Әне-міне дегенше бұл күнде келіп жетті. Жалпы қыздың жүгін 6 жастан жинаса асады, 7 жастан жинаса жетеді деген сөздің түпкі мағынасын енді түсініп жатырмыз”, – деп жазды блогер ару. 



Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, қыз жасауын қызу талқылап жатыр. 

“Ақтаудан қыз алуға қорқып қалдық”, “Ас та, төк ысырапшылдық екен”, “Бір үйдің ақшасы кетті-ау. Ыдысының өзі миллион теңгеден асады”, “Бізге де жұғысты болып, осылай жасау жинайық”, “Бәрі жақсы тек зат мен киім өте көп екен”, “Төреғалидың қарындасыныкіндей бренд емес”, – деп жазып жатыр оқырман қауым. 

Еске салайық, Абай Бегей тұрмысқа шыққан қызына көлік сыйлаған еді. 

 

Талқылау