Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бір түнде қытайлық жұмысшылар 8 мың тонна асфальт төсеген

қытай асфальтФото: Х/SpoxCHN_MaoNing

Жуырда Бейжіңде бір түннің ішінде сегіз мың тонна асфальт төселіп, 2,4 шақырымдық айналма жолдың жабыны алты сағатта толықтай ауыстырылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жетістікпен Қытай халық республикасының сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мао Нин бүкіл әлеммен бөлісті. Ол өзінің Х платформасындағы парақшасында "Қытай жылдамдығы" атты бейнеролик жариялап, Бейжіңнің төртінші айналма автожолын жаңарту және экологиялық жағдайды жақсарту жобасы аясында қол жеткізілген ерекше нәтижелерді көрсеткен.

Белгілі болғандай, жол қызметтері түн ортасынан кейін жұмысқа кірісіп, шамамен алты сағат ішінде асфальт төсеуді аяқтаған. Жұмысқа көп мөлшерде техника жұмылдырылды:

•    асфальт төсегіштер;
•    жол тегістегіш катоктар;
•    жүк көліктері;
•    ескі жабындыны сыпырып алуға арналған арнайы машиналар.

Алдын ала дұрыс ұйымдастырылған логистика асфальттың тоқтаусыз жеткізілуін қамтамасыз етіп, жұмыстың қажетті қарқынмен жүруіне мүмкіндік берген.

"Осы тек инфрақұрылымды физикалық жаңарту ғана емес, сонымен қатар мегаполистерді басқарудағы жүйелі тиімділіктің, ұйымдық үйлесімділіктің және технологиялық инновацияларды жедел енгізудің айқын дәлелі", – деп жазды таңданған желі қолданушылары.

Сонымен қатар Қытайда жол реттеушілерін жасанды интеллектпен жұмыс істейтін робот-полицейлерге алмастыру туралы шешім қабылданды.


Оралдықтар жолды жөндетеміз деп жүріп, өздері тұрып жатқан көшенің жоқ екенін білген


Шымкентте асфальт опырылып, бірнеше көлік шұңқырға түсіп кетті (видео)


Еске салайық, Атырауда 10 шақырымдық жолды жөндеу 8 жылдан бері аяқталмағанын жаздық. 2017 жылы басталған Атырау – Талғайраң бағытындағы 10 шақырым жолды жөндеу жұмысы сегіз жыл бойы аяқталмай келеді. 10 ауылдың 30 мыңнан астам тұрғыны қауіпті айналма жолмен қатынауға мәжбүр. Жоба кемшіліктеріне байланысты бірнеше рет тоқтап, қайта түзетулер енгізілді. Жарықтандыру, айналма жол, инженерлік желілер қарастырылмаған. 4,8 млрд теңгенің жартысына жуығы игерілсе де, жолдың тек 4,7 шақырымы ғана салынған. Жоба желтоқсанда сараптамадан өтсе, құрылыс қайта жалғасады.

Айым Атамбаева
Дүйсенбі, 08 Желтоқсан, 2025 09:55