Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бір топ қазақ жігіттері Байзақованың клубын жауып тастауды талап етті (видео)

Бір топ қазақ жігіті Айжан Байзақованың клубының алдына жиналып, оның жабылуын талап етті. Топ бастаушылардың бірі Талғат Рысқұлбеков Facebook желісінен тікелей эфир жүргізіп, хабарлады.

Олардың айтуынша, ақша үшін шешінген қыздардың конкурсы өткен клуб бір айға болса да жабылуы тиіс.

Жігіттертің клубқа қарсы шарасын полиция қызметкерлері бақылап тұрды. Ешқадай тәртіп бұзушылық орын алмады.

Ойын-сауық мекемесіне жиналғандар өз талаптарын айтып, клубта болған жайттарға көз жұма қарамау қажет екенін жеткізді. Белсенді Талғат Рысқұлбектің айтуынша, қыздар өз еркімен шешіну арқылы ұлттың намысын таптады.

Бұл тағы да қайталанатын болса, тоқтамайтындығын айтқан жігіттер Байзақованың ұзақ мерзімге сотталуын немесе клубты кем дегенде 1 ай көлемінде жауып тастауын талап етті.

“Мұндай жағдайдың орын алуын шектен шығу деп түсінеміз. Біздің мемлекетіміз, өз заңымыз бар. Мұндай нәрселерге неге тыйым салуға болмайды? Шыдамның да шегі бар ғой. Ол қызды үш тәулікке қамап қоймағанда, біз бұл мекемені бұзып тастар едік. Клубтың лицензиясын тартып алсын”, – деді наразы болған Рысқұлбеков.

Айта кетейік, аталған клуб директоры бейнежазба арқылы халықтан кешірім сұраған еді.

Тағы оқыңыз:

Қыздарды ақы төлеп шешіндірген Байзақованы блогерлер қолдай түсті

Ақша беріп, қыздарды шешіндірген атышулы Байзақова қамауға алынды

Айсәуле Бақытбек: Төреғалиді сынап, оған өлең арнау нағыз “колхоздың” ісі

Бір топ жігіт ақша үшін шешінген қазақ қыздарының масқарасын шығарды (видео)

Талқылау