Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бір сәтте 10 көлік ұтысын ұйымдастырған блогер Жанәбіловтар айыппұлмен құтылмақ

блогерлер қалай жазаланадыФото: Видеодан скрин

Қаржы мониторингі агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов блогер Жанәбіловтар ұйымдастырған көлік ұтысына байланысты қандай жазаға тартылуы мүмкін екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Жеңіс Елемесовтың айтуынша, блогерлердің әрекетіне Мәдениет және ақпарат министрлігі баға береді. 

"Егер бұл тек жарнама мәселесі болса, онда Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 445-бабына (Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасын бұзу) сәйкес әкімшілік жауапкершілік қарастырылады", – деді ол.

Сондай-ақ ол аталған бап бойынша санкцияларды қатаңдату жоспарымен бөлісті.


3,9 млн теңгеге дейін айыппұл: Блогер Жанәбіловтардың көлік ұтысынан кейін туризм министрлігі тексеруді қолға алды


“Заң жүзінде рұқсат етілген”: Басы дауға қалған Жанәбіловтардың адвокаты мәлімдеме жасады


"Бұдан бөлек, қаржы пирамидаларын жарнамалаумен салыстырмалы түрде онлайн-казино жарнамасын да қылмыстық жауапкершілікке жатқызуды жоспарлап отырмыз. Біз бұл бастаманы ұсынып қойдық. Егер қылмыстық жауапкершілік енгізілсе, онда бұл жағдайда заңсыз табыстар міндетті түрде тәркіленеді", – деді Елемесов.

Еске салайық, күні кеше ғана блогер Ерболат Жанәбіловтер отбасы ұйымдастырған 10 көлік ұтысы дау туғызғанын жазғанедік. Қаржы мониторингі агенттігі ұтыс заңдылығын тексеруге кірісіп, материалдар туризм министрлігінің "Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитетіне" жолданды.

Артынша, туризм және спорт министрлігі Instagram әлеуметтік желісіндегі "Zhanabylov_e" және "elt6i" аккаунттарында өткізілген бағалы сыйлықтарды ұтысқа салуға қатысты мәлімдеме жасаған еді.

Жұмаділлә Нұрила
Бейсенбі, 04 Қыркүйек, 2025 17:53
Талқылау