Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бір полицей жарақат алып, бірнеше көлік өртенген: Алматыда митингінің соңы жаппай тәртіпсіздікке ұласты

Алматыда заңсыз митингінің соңы жаппай тәртіпсіздікке ұласып, құқық қорғау органдарымен қақтығыс орын алды. Наразылық білдірушілер Республика алаңына жиналған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

митинг

Республика алаңында мыңға жуық адам жиналған. Наразылар қала әкімшілігінің ғимаратына кіруге тырысқан. 

Наразылар екі бөлінген. Жинала салысымен полицейлерге қар мен бөтелке лақтыра бастаған, ал екінші топ оларды тоқтатуға тырысқан. Жастар қоршауды бұзып өтпек болған, Полицейлер тек қорғанып, қарсы күш көрсетпеген. 

Дыбыстық гранаталар мен көз ашытатын газ қолданылған. Наразы топ бір полицейді соққыға жығып, бірнеше көлікті қиратты. 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға үндеу жолдап, арандатуға ермеуге шақырды. Сонымен қатар Тоқаев барлық талаптар мен өтініштердің орындалатынын қосып өтті. 

Айта кетейік, Алматы мен Маңғыстау облыстарында 19 қаңтарға дейін төтенше жағдай енгізілді.

Назархан Уән
Сәрсенбі, 05 Қаңтар, 2022 07:49