"Бір өлімнен аман қалды": Айнұр Тұрсынбаева көпшілікті алаңдатып қойды
Фото: https://www.instagram.com/aidyn_nury/
Белгілі айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева жазбасымен жұртты алаңдатып қойды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесінің анасы сырқаттанып қалған.
"Соңғы 3 күн өте ауыр өтті. Миым да, жүрегім де тоқтап қалғандай болып еді, бәрі артта қалған сияқты. Аллаға шүкір! Дәрігерге алғысымыз шексіз! Анамыз бір өлімнен аман қалды! Алла жақындарымызды аман қылсын!", – деп жазды ол.
-
"5 минутта өтіп кетті": Айнұр Тұрсынбаева киілген көйлектерін сатылымға шығарды
-
"Дәлелсіз жала жауып жатыр": Айнұр Тұрсынбаеваның күйеуі тосын мәлімдеме жасады
Айта кетейік, айтыскер ақын анасының бауырынан ажырап, әжесінің қолында өскенін жазған едік.
“Мені 9 ай 10 күн көтеріп, тар құрсағын кеңітіп, тас емшегін жібітіп тапқан анам осы кісі.. Аты Манат.. Мен бірақ қазақтың менталитетімен шешемді шеше демеген адаммын.. Әлі күнге атымен айтамын. Бірақ іштей жақсы көремін, жүрегім елжірейді, іздеймін, мейіріміне мұқтажбын. Қарақат орындайтын "Аяулы анам" осы кісіге арнап жазылған... Марқұм апам өле-өлгенше бөлектеп қызғанып өтті...”, – деген еді айтыскер ақын.
Республика күнінің маңызы не, мерекені не себепті қайтарды – Саясаттанушылар жауап берді