Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бір мақсат, бір бағыт: "Everest logistics company" ұжымы референдумға ұйымшылдықпен келді

размещение

Ел өміріндегі маңызды саяси науқан – референдумға қоғамның әр саласында еңбек етіп жүрген азаматтар белсенді қатысуда. Бәйтерек ауданында да тұрғындардың азаматтық белсенділігі жоғары деңгейде байқалып отыр.

Соның жарқын көріністерінің бірі – №206 референдум учаскесінде орын алды. "Everest Logistics Company" компаниясының ұжымы ұйымшылдық танытып, 12 арнайы техникамен учаскеге келіп, ел болашағына қатысты өз таңдауларын жасады.

Бұл көрініс тұрғындардың назарын аударып, еңбек адамдарының ел тағдырына бейжай қарамайтынын тағы бір мәрте дәлелдеді. Компания қызметкерлері жұмыс қарқынына қарамастан, маңызды саяси оқиғадан шет қалмай, азаматтық борыштарын орындауды басты міндет санайтынын айтты.

Ұжым мүшелерінің пікірінше, референдум – мемлекет дамуының келешегіне әсер ететін маңызды қадам. Сондықтан әрбір азаматтың өз таңдауын жасап, қоғамдық-саяси үдерістерге қатысуы аса маңызды.

№206 референдум учаскесінде дауыс беру процесі талапқа сай ұйымдастырылған. Мұнда келген тұрғындар мен еңбек ұжымдары өз таңдауларын еркін білдіріп, ел болашағына қатысты маңызды шешім қабылдау ісіне белсенді қатысуда.

12 техникамен келіп дауыс берген "Everest Logistics Company" ұжымы – бірлік пен жауапкершіліктің айқын үлгісі. Бұл еңбек адамдарының ел тағдырына деген жанашырлығы мен азаматтық ұстанымының көрінісі.

#Референдум2026

#БәйтерекАуданы

#206Учаске

#EverestLogisticsCompany

#ЕңбекАдамдары

#БірлікЖәнеЖауапкершілік

STAN.KZ
Жексенбі, 15 Наурыз, 2026 11:39