"Бір көлікті 1-2 тәулік тексереді": Жүргізушілер қазақ-қырғыз шекарасындағы кептеліске шағымданды

Қазақ-қырғыз шекарасында күнде кептеліс. Жүргізушілер осылай деп шағымданды. Айтуларынша, соңғы екі айдан бері жағдай тіптен күрделеніп кетіпті. 

Бұл туралы «Еуразия бірінші арнасы» хабарлайды. 

Қазақ-қырғыз шекарасындағы "Қарасу" бекетінде көлік кептелісі күндіз-түні сейілмейді екен. Жүргізушілердің айтуынша, осы уақытқа дейін бір көлікті тексеруге 40 минут кететін болса, соңғы уақытта бір тәулік, кейде екі тәулікке дейін барады екен.

Мұндағы жағдайдың күрделене бастағанына екі айдың жүзі болыпты. Содан бері бекеттен бұрынғыдай кедергісіз өту жүргізушілер үшін арманға айналған. Салдарынан шығынға белшеден батып жатырмыз, деп ашынуда. Бекеттегілер қалталарының қамы үшін кедергілерді қолдан жасауда, дейді жүк тасымалдаушылар 

«Менің көлігімнің тұрғанына үш тәулік болды. Не шығармайды, не кіргізбейді, сол жерде тұр. Барлық жерге жазатынымды айттым. Содан кейін «көреміз» деді», - дейді кәсіпкер Ерғали Ұзабаев.

Кезегін өткізіп алмау үшін жүргізушілер күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айырылғандарын айтады. Егер көздері ілініп кетсе, қалып қоямыз ба деп қорқады. Сондықтан көліктен алыс кете алмай, жіпсіз байлануда. Ал бекетке кірген соң кейде бірнеше тәулік тексерістен өтетін кездері болады екен. Салдарынан әр жүргізуші 200-250 доллар шығынға батса, кәсіпкерлердің тауарлары жоғала бастаған. 

«Сол күні 6800 доллардың тауары жетіспеді. Әйелдердің іш киімдері, иіссу, бәрі жоғалған. Сол күні көлікті толық шашып тастаған. Жүргізуші дәретханаға барып келгенше тауарлар жоқ болып кеткен», - дейді Ерғали Ұзабаев.

«Мен Бішкектен Алтай өлкесіне кетіп барамын. Шекарадан өтуге қолайлы жағдай жасалмаған. Жүргізушілерге кедергілер келтіру арқылы өздеріне қаржылай тиімді жағдай жасауда. Бастапқыда салықтық тексеру деген болатын. Кезектің ұзындығы 5-6 шақырымға дейін жететін», - дейді қырғызстандық жүргізуші Станислав.

«Тұрғанымызға үш сағат болды. Ұйықтауға болмайды. Жүру керек. Адамдар күтеді», - дейді жүргізуші Дмитрий Олейников.

«Кезекте тұрғанымызға 5-6 сағат болды. Жылжу өте аз, бұрын жақсы еді. Соңғы екі айдан бері күнде кезекте тұрамыз. Не болып жатқанын білмейміз», - дейді қырғызстандық жүргізуші Ұлан Кенжебайұлы.

Мән-жайды білу үшін "Қарасу" шекара бекетінің басшысы Тахир Аппасаовқа жолықтық. Ол «қақпа ашық, жүргізушілер өздері кірмей тұр» деп тон пішті. 

«Кәдімгі кептеліс. Қақпа ашық. Олар ауызашар, анау-мынаумен тұр», - дейді «Қарасу» бақылау-өткізу бекетенің басшысы Тахир Аппазов.

Уәжі дәлелді болуы үшін бізбен бірге кептелісте тұрғандарға барып, қақпа ашық, өте беруге болады деп сендіріп бақты. Алайда жүргізушілер қанша уақыт тұрғандарын ашынып айтқанда,  қашып кетті. 

Ал шекара қызметінің баспасөз хатшысы Қанатбек Солтанов бекеттегі жағдайға шекарашылардың еш қатысы жоқ дейді. Бар гәп Мемлекеттік кірістер кірістер комитетінің қызметкерлерінде көрінеді. Олар әр көлікті жіті тексеретіндіктен ұзын-сонар кезек туындаған. 

«Егер құжаттарының барлығы дұрыс болатын болса, шекарашылар тарапынан ешқандай мәселе туындамайды. Қайталап айтамын, бұл жерде кішкене тығырыққа тіреп тұруы жүргізушілердің бәрінің, Мемлекеттік кірістер органдарының өздерінің іс-әрекеттерін белсендіріп жатқанынан. Ол не себептен және қанша уақытқа созылатынын айта алмаймын», - дейді шекара қызметінің баспасөз хатшысы.

Осылайша, "Қарасу" бекетіндегі жүк көліктерінің кептелісі қашан реттелетіні белгісіз. Ал мәселе шешілгенше жүк тасымалдаушылар жолдан қалып, шығынға бататын болдық, дейді. 

Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Қызылордада күзетшіге қол көтерген екі азамат ұсталды

Оқиғаға қатысты министр пікір білдірді

"Дірілдеп отырмын": Байзақова көршілерінің күн көрсетпей жүргенін айтты

Көршілері атышулы арудың көлігіне жұмыртқа атып кетеміз деп қорқытқан

Төсекке таңылған шымкенттік полицейге пәтер берілді

Оқ омыртқасын зақымдап, полицей өздігінен жүре алмай қалған

Қостанай облысында сүндеттелген 10 бала ауруханаға түсті

Кейде дұрыс сүндеттелмеген балаларға тері пластикасы жасалады

Кімге қарбыз жеуге болмайды?

Қауын мен қарбызды 19:00-ден кейін тұтынбаңыз

15 жыл бойы құрылысы бітпеген: Елордадағы баспана бұзылып, орнына жаңа нысан салынбақ

Тұрғын үйді бұзуға 150 миллион теңге бөлінген

7 жыл мүгедек әйелін арқалаған азамат көмек сұрап жүр

Қарлығаш Тұрақбаева 2012 жылы миында ісік бар екенін білген

Арыстағы жарылыс: әскери бөлім бастығы мен оның орынбасары қамауға алынды

Қазіргі таңда қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасуда

Көлікке тап берген: Ер адам 3 метрлік жылан ұстап алды

Ер адам жыланды пластик құбырмен алдаусыратпақ болған

Жүргізуші оқиға орнында көз жұмды: Алматыда Volkswagen бағанға соғылып қалған

Оқиға 24 тамыз таң ата орын алды
Çàãðóçêà...