Бір қыз оқиға орнында көз жұмды: Нұр-Cұлтандағы танымал кафеде жарылыс болды
Нұр-Сұлтандағы танымал палау орталығында газ баллон жарылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді.

Бүгін сағат 12.25-те Нұр-сұлтан қаласы ТЖД кезекші-диспетчерлік қызметінің пультіне кафе болып қайта жабдықталған коттеджде газ баллонының жарылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Өрт сөндірушілер келген соң үйдің ішінде қыз бен 15 газ баллоны бар екені анықталды.
Жарылыс салдарынан ас үй бөлмесіндегі шатыр опырылып түскен.
Алдын ала мәліметтер бойынша, қыз үйінді астында қалып, оқиға орнында көз жұмған.
Оқиға орнында Нұр-сұлтан ТЖД, Апаттар медицинасы орталығының күштері мен құралдары 21 құтқарушы мен 5 техника жұмыс істеп жатыр
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"