Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бір күнде үйленген егіздер балаларының тұсаукесерін дүркіретіп өткізді (фото)

Жақында Ұзақбаевтар әулеті немерелерінің 1 жас мерейтойын дүркіретіп атап өтті. Ақтаулық Төребек пен Жолдасбек есімді егіздер осыдан 2 жыл бұрын егіз қыздармен шаңырақ көтеріп, перзент сүйген болатын.

20663889_1952983778314911_5960933115521258073_n

Бұл туралы Facebook желісінің "Қызықты студия" парақшасында жарияланды.

«Ұлымыз Әмірбек 2016 жылдың қыркүйегінде дүние есігін ашты, Әмірбек деп есімін әкем қойды. Әмір – тарихтан белгілі Әмір Темір қолбасшының есімі болса, ал бек – хан, сұлтан деген мағынаны білдіреді. Ал егізім Төребектің қызы Ақжібек сол жылы қазан айында дүниеге келді. Жібектей жұмсақ, нәзік жанды, ұяң болсын деген ниетпен атын ырымдап анам қойды», – дейді Жолдасбек.

20638969_1952983754981580_5726130635472457981_n

Олар сәбилеріне көз тимес үшін қазақы ырымдарды жасайтындарын айтты.

«Өзіміз егізбіз, егіз қыздарға үйлендік, көп ұзамай балалы болдық. Біз туралы журналистер көп жазды. Көз тимесін деп балаларымыздың қолына ала жіп тағып, жейдесіне түйреуіш қадаймыз», – дейді Төребек.

Жастар Орал қаласында танысқан. Олар 2015 жылы қазанда шаңырақ құрды.

Жігіттер 10 минут аралықпен туған. Асыл және Айыммен бірінші болып егіз жігіттердің кішісі Жолдасбек танысыпты.

20729697_1952983828314906_1450547136524169043_n

«Ол дүкенге аяқ киім сатып алу үшін келді. Өзіне таңдады да сатушы Айымнан тағы осындай аяқ киімді сұрады. «Сенің егізің бар ма?» деп сұрайды. Ол «иә» деп жауап береді. Сол кезде қыз оған өзінің егізі жайлы айтқан. Қос егіздер балалардың болашағынан зор үміт күтеді.

 

Талқылау