"Бір-бірімізді жеп қоямыз": Әнші Бүркіт шетелдіктердің өмірін көпке үлгі етті
Танымал әнші Бүркіт Бали аралындағы демалысын көрсетіп, халықтың тұрмыс-тіршілігін баяндады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://vk.com/club66604436
Өнер иелері отбасымен шетелде саяхаттап жүр. Эстрада жұлдызы Балидегі көлік жүргізушілерін салыстырып, сабыр мен жол этикасы туралы ойын айтты.
“Біз бір-бірімізді жеп қоюға дайын тұрамыз ғой. Біреудің алдын қиып кетсең, ерінбей жетіп алып, ұрсысып, ол да алдыңды қияды. Сабырлық деген бізде мүлдем жоқ боп бара жатыр. Жол этикасы деген бар еді, бұрынғы жылдары, қазір одан мүлдем алыстап кеткен секілдіміз. Төбелеске дейін барады. Ұрып, жығып, өзінікін дәлелдегісі келетіндер қаншама?! Күлімдеп қарасаң, сені ақымақ көреді басқалар. Ұят дейтін нәрселер көп енді. Өзімізді өзіміз түземесек, ұят болады-ау", – деп жазды әнші.
-
"Осындай жар сыйлағаныңызға рақмет": Бүркіт әйелінің анасына көлік сыйлады
-
"Ене сіздей-ақ болсын!": Әнші Бүркіттің анасы келіні Аишаға өлең арнады
Сондай-ақ эстрада өкілі жары Аишаның жаңа жасын да шетелде қарсы алуды ұйғарған.
“Туған күніңмен, күнім! Ең бақытты жандардың бірісің. Сенімен мен жақсы болдым, сенің арқаңда көп нәрсені үйрендім! Жақсы, адал жар болғаныңа Аллаһыма мың алғыс! Саған көп рахмет!”, – деп жылы лебізін жеткізді.