Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бір-бірімізді сүйетінімізді сеземін": Нұрсұлтан Жақсыген бұрынғы жұбайына жантебірентерлік жазба жариялады

Танымал актер Нұрсұлтан Жақсыген бұрынғы әйеліне жантебірентерлік жазба жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/zhaksygen_n/

Өнер иесі қатенің бәрін кешіріп, жарымен бірге болғанын қалайтынын айтты. 

“Қатенің бәрі менен екенін білемін. Бір-бірімізді қимай, екі жақта жүрміз. Осы сынақта сабыр сақтасақ, бәрінің жақсы болып кететініне сенемін. Ең соңғы түскен фотомыз осы еді. Екеуміздің де ішіміз алай-дүлей. Бір-бірімізді қатты сүйетінімізді сеземін. Алла шын сүйетіндерді сынайды. Соңында жеңіп шығатыныма сенімдімін. Алдағы күндер жақсылыққа толы болсын! Жалғыз қалғанда жабыққан сәттерімізде жылап қалдық. Алыста болсақ іздеп тұрамыз. Махаббат деген осы емес пе?! Бұл менің жүрекпен жазылған сөздерім”, – деді актер. 



Одан кейін киножұлдыз ата-анасынан бөлек шығып, пәтерге көшіп кеткенін де  жасырмады.

“Үлкен үйді ата-анама қалдырып, өзім пәтерге көшіп кеттім. Арасында барып тұрамын, бірақ ол үйдің әр бұрышына қараған сайын жүрегім ауырады. Әр бөлмеде балаларымның сыңғырлаған күлкісі естіліп, жанымды жаралайды. Бұрынғыдай жұмыстан күтіп алатын, шайымды беретін, шүйіркелесіп әңгіме айтатын жарым да жоқ. Әр бұрыштан әр сәт есіме түсіп, жанымды жегідей жейді. Өте ауыр. Ажырасу – кіші өлім ғой. Фариза қазір Астанада. Екі рет барып сөйлесіп көрдім. Екеуінде де бетімді қайтарды. Балаларыңды көріп тұр, бірақ енді қосылмайық дегенге келтірді", – деген еді “Менің өмірім” бағдарламасына берген сұхбатында.

Еске салайық, өнер иесі эфирде әйелінен кешірім сұрап, көз жасына ерік берген еді. 

Талқылау