Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бір аптаның ішінде елімізде газдан уланып 5 адам көз жұмды

Елімізде өткен аптаның ішінде иіс газымен уланған төрт оқыс оқиға тіркелді. Оқиға салдарынан 9 адам ауруханаға жатқызылды. Одан бөлек табиғи газбен уланып қалған 5 оқиға тіркеліп, салдарынан 5 адам қаза тауып, 10 адам жапа шекті.

10176706

Бұл туралы ҚР ІІМ төтенше жағдайлар бойынша комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов мәлімдеді, деп хабарлады Sputnik.

“Өрт қауіпсіздігін сақтамағаны үшін және үйді жылытатын пешті дұрыс пайдаланбаудың кесірінен өткен аптада 4 иіс газымен және 5 табиғи газбен улану жағдайлары тіркелді. Ақырында бес адам көз жұмып, 19 адам ауруханаға жатқызылды», – деді Иманқұлов.

Жамбыл облысының Меркі ауданында жылу беретін пештің ақауынан табиғи газдан уланып бір адам қайтыс болды, тағы екеуі емханаға жеткізілді. Сол сияқты Ақтөбенің екі тұрғыны, Шымкент тұрғыны және ОҚО-ның Жаскешу ауылының тұрғыны оқиға орнында қаза тапты. Тағы бір ОҚО тұрғыны ауруханаға жеткізілді. Атырау облысында газдан уланған бір отбасының жеті мүшесі ауруханаға жатты. Олардың төртеуі – балалар.

Оқи отырыңыз: 

Павлодарда төрт адамды аяусыз ұрып-соққан полицейлер жеңіл жазаға кесілді

Павлодарда ер адамды өлтіріп өртеп жіберген полицей 17 жылға сотталды

Белгісіз біреу автобус жүргізушісін тірідей өртеп жіберді (видео)

Оралда оқушы қыз жігітімен ұрысып қалған соң асылып қалған

Талқылау