Бір адам мерт болды: Алматыда жол апатын жасаған Range Rover көлігінің күл талқаны шықты
Талғар тас жолында Range Rover көлігі жол шетінде тұрған КамАзға бар жылдамдықпен соғылды, деп хабарлайды Қазақпарат.
Жол апаты Думан шағын ауданы тұсында болған. Соққыдан Range Rover көлігінің 29 жастағы жолаушысы сол жерде көз жұмды. Ал жүргізуші аса ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Көлікте өрттің шығу қаупіне байланысты оқиға орнына өрт сөндірушілер шақырылды. Жол апатының себептерін полиция анықтап жатыр.
Тағы да оқыңыз:
Нұрлан Нығматулиннің анасы қайтыс болды
Талқылау