Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Білім министрлігі болашақтықтарды жұмыстан шығаруға тыйым салды

Қазақстанның білім және ғылым министрлігі Халықаралық бағдарламалар орталығына үш ай ішінде қызметкерлерді жұмыстан шығаруға тыйым салды.

270668

Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды.

Бұдан бұрын, Орталықтың 25 қызметкері басшыларының әрекеттеріне қатысты Президент әкімшілігі, Бас прокуратура мен білім және ғылым министрлігіне шағым жазған. Үндеудің мәтіні БАҚ-та жарияланды. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі “Халықаралық бағдарламалар орталығы” АҚ қызметкерлерінің шағымына байланысты кешенді қызметтік тексеріс өткізіп жатыр және Мелдешов өзінің қызметтік міндеттерін орындаудан уақытша шеттетілді.

ХБО-дағы шулы оқиғаның мән-жайын анықтау үшін құрылған жұмыс тобының алғашқы отырысынан соң қызметкерлерді жұмыстан шығаруға ғана емес, ұйым құрылымын өзгертуге үш айға тыйым салынды.

Еске салсақ, бұған дейін Президенттік “Болашақ” білім бағдарламасын басқаратын “Халықаралық бағдарламалар орталығында” дау шыққанын хабарлаған едік. Онда қызметкерлер орталық басшысы Жанболат Мелдешовтың оспадарсыз қылықтары мен сөздерін әшкере еткен.

Оқи отырыңыз:

Депутаттар шетелдің қымбат көлігінен түскісі келмейтін шенеуніктерді сынады

Елбасы “Назарбаев Университеті” басшысымен ағылшынша сөйлесті (видео)

Назарбаев кәсіпкерлерге қысым көрсетуді доғаруды талап етті

Астана әкімі Исекешев асықты шебер ойнайтынын көрсетіп таңғалдырды (видео)

Талқылау